Астана мектептеріне жаңа пән енгізілмек

Астана мектептеріне жаңа пән енгізілмек

Астана мектептеріне жаңа пән енгізілмек
ашық дереккөзі
Келесі оқу жылынан бастап елорда мектептеріне жаңа «Психология және өзін-өзі дамыту» пәні енгізіледі. Бұл туралы ЕлордаИнфо хабарлайды. Астанада жастардың гуманитарлық білімінің өзекті мәселелер талқыланды «Келесі жылдан бастап Астананың білім беру жүйесіне арнайы балалар психологиясы және өзін-өзі дамыту пәні енеді. Бұл пән тек кітаптағыны оқытумен шектелмейді. Балаларға өздерін кім екенін түсінуге көмектесетін интерактивтер мен тренингтер қолданылады. Курс бірнеше мектепке ығңайланып әзірленді. Жаңа пән 5 сыныптың мектеп бағдарламасына енгізіледі», - деді «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  қолдау орталылығының ғылыми консультанты Александр Тесленко. Ғылыми консультант Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мектеп оқушыларының 70% түзету көмегіне мұқтаж екенін мысалға келтірді. Заманауи балалар иллюзиялық әлемде өмір сүреді, өмірдің қиын кезеңінде өздерін қалай ұстау керектігін білмейді. Бұл елордалық оқушыларға да қатысты. «Астанада қалыптасқан жағдай алаңдатарлық - суицид жасауға әрекеттену немесе өз-өзіне қол салу бар. Көп жағдайда бұл әрекеттің себебі анықталмай жатады. Балалар көптеген стресстік факторлардың ортасында қалып, ең соңында жинақталып соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Себебі олар өздерін экстремалдық жағдайда қалай ұстау керектігін білмейді. Мектеп психологтары осындай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігінің сценарийі мен алгоритмін беріп отырады. Сабақ факультатив ретінде өткенімен оның бағасы аттестатқа енгізіледі», - деді ол. Балалардың психологиялық жағдайын компьютерлік диагностика арқылы анықтайтын болады. Ол үшін қалада сегіз диагностикалық орталық ашу жоспарланып отыр. Негізінен олар мектептерде болады. «Астананың Білім басқармасы психологиялық жағдайын компьютерлік диагностика әдістемесін алу үшін Санкт-Петербургтің фирмасымен келісім жасайды. Оқушылар диагностиканы компьютерлік орталықтарда өтеді. Психологтар балаларың жағдайын автоматты түрде өңделген нәтижені алады. Біз тәуекелді топқа жататын топты анықтауға қажетті ақпаратты алып, әрі қарай мақсатты түрде солармен жұмыс істейміз», - деді А. Тесленко. Бұған қоса мектеп психологтарының біліктілігін арттыруға аса мән берілетінін айтты. «Біздің психологтардың дайындығы заманауи тәжірибеге сәйкес келмейді. Сондай-ақ, маман тапшылығы жиі кездеседі. Көбіне еңбек ақы көлемі ұнамайды. Жаңа пән қаржылық қалыптастыруы жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен бірге психологтарға арналған оқу семинарларын өткізуді көздеп отырмыз», - деді Александр Тесленко. Сөз соңында консультант Астанада әлеуметтік психологиялық көмек қызметі тұтас өзгертілетінін айтты. Ата-аналар клубтары құрылып, онда психологтар ата-аналарға кез келген жағдайда өздерін қалай ұстау керектігіне ұсыныс беретін болады.