«Нотр Дам де Пари» мюзиклі тұңғыш рет қазақша қойылады

«Нотр Дам де Пари» мюзиклі тұңғыш рет қазақша қойылады

«Нотр Дам де Пари» мюзиклі тұңғыш рет қазақша қойылады
ашық дереккөзі
Астанада «Нотр Дам де Пари» мюзиклі тұңғыш рет қазақша қойылады. «Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы «Нотр Дам де Пари» мюзиклінінің бас продюсері Николя Талармен кездесті.  «Біз Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды талқыладық. «Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті сахналаған «Астана Мюзикл» мемлекеттік концерттік ұйымы «Нотр Дам де Пари» мюзиклін тұңғыш рет қазақ тілінде көрерменге ұсынады. Әйгілі мюзиклдің 20 жылдығы Астананың мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұр. Астаналық театр үшін бұл - мол тәжірибе және зор жауапкершілік. «Нотр Дам де Пари» мюзиклі қала тұрғындары мен қонақтарына тосынсый болары және Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтары сөзсіз», - деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.