Өзбекстан Ресеймен бірлесіп жаңа телеарна ашпақ

Өзбекстан Ресеймен бірлесіп жаңа телеарна ашпақ

Өзбекстан Ресеймен бірлесіп жаңа телеарна ашпақ
ашық дереккөзі
Өзбекстан Ресеймен бірлесіп жаңа телеарна ашпақ. Өзбекстан Ресейдің «Первый канал» телеарнасымен бірлесіп екі елдің медиа-коммуникация саласының дамуына байланысты жаңа канал ашады. Бұл Өзбекстанның ақпараттық технологиялар және коммуникация жөніндегі министрі Азим Ахмедхаджаев пен Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин арасында талқыланған. Келіссөзге Ресей президенті басқару ісінің, «Россия Сегодня», «Первый Канал», «Россия24» өкілдері қатысқан. Атап айтқанда, ресейлік делегация өзбек әріптестерін Ресейдің сандық телеарнаға қалай көшкенін түсіндіріп, мобильді телеарна құруды ұсынған. Мұнан бөлек «Первый канал» арнасымен бірлесіп, ресейлік режиссёрлерді тарту арқылы Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткерлер жайында деректі фильмдер түсіру талқыланған. Мұнан бөлек тараптар медиа саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы форумдар мен семинарлар өткізіп тұруға келіскен.