5 Сәуір 2018, 21:37 1199 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Елбасы: Балалар алаңы төменгі қабатта болуы керек!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кемероводағы алапат өрт қазақстандықтарға сабақ болуы тиіс екендігін айтты. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады. 

"Кемероводағы оқиғадан бәріміз бір қорытынды шығаруымыз керек.  Қазір менің тапсырмам бойынша айнала түгел тексеріліп жатыр. Барлық жерде тексеріс жүргізілуі тиіс. Тапа-тал түсте қаншама адам, бала қаза тапты, сұмдық. Қазір қарап отырмын, барлық кәсіпкер өздерінде бәрі жақсы екенін дәлелдей бастады. Бірақ тексерістермен жұмысты жолға қою қажет, әсіресе барлық MEGA-да. Неге балалар алаңдарын төменде емес, жоғары қабатқа салады? Сауда орындарын жоғары қабаттан ашуға болады. Ал балалар алаңы төменгі қабаттарда болуы керек. Болашақта құрылыс кезінде мега-жобалар бойынша осындай талап қою керек", — деп тапсырды Елбасы Астанада өткен кеңесте.

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйіндегі өрттен 64 адам көз жұмған болатын. Оның ішінде 41 бала бар.  Зардап шеккендер саны 70-тен асты.

 

Соңғы жаңалықтар