4 Сәуір 2018, 21:59 1280 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Нұрлан Ермекбаев – Қазақстан Президентінің көмекшісі

Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі болды. Елбасының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Н.Б. Ермекбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 сәуір № 660

Соңғы жаңалықтар