НЕСИЕ ЖЕЛIСI ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ ЖАСАЛДЫ

НЕСИЕ ЖЕЛIСI ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ ЖАСАЛДЫ

НЕСИЕ ЖЕЛIСI ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ ЖАСАЛДЫ
ашық дереккөзі

БТА банкi өтеу кестесiне сәйкес жаңа облигациялар бойынша 24 349 миллион теңге көлемiнде бiрiншi купондық сыйақыны төлейтiнiн жариялады.

Банк бұрындары шығарылған облигациялар және басқа мiндеттердiң күшiн жойып, қайта құрылымдау барысында кредиторларға 945 миллион АҚШ долларын төлеп бердi. Сондай-ақ жаңадан бағалы қағаздар мен акцияларды басып шағарып, сауданы қаржыландыру бойынша несие желiсi туралы келiсiмге келдi. Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденовтың айтуынша, жаңа облигациялар бойынша бiрiншi купондық сыйақыны төлеу инвесторлар үшiн тиiмдi болмақ. "Қайта құрылымдау кезiнде уақытша тоқтатылып қалған әрекет күшiне енiп, қайта құрылымдау жоспарында бекiтiлген шараларды толық көлемде орындауда", – дедi Басқарма төрағасы.

"Түркiстан-ақпарат"