СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АУЫЗДЫҚТАУҒА БОЛА МА?

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АУЫЗДЫҚТАУҒА БОЛА МА?

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АУЫЗДЫҚТАУҒА БОЛА МА?
ашық дереккөзі

Мемлекетiмiздiң тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшiн үлкен күш-жiгер жұмсалуда. Бұл ең бiрiншi кезекте мемлекет басшысы – Қазақстанның президентi, үкiмет, парламент, басқа мемлекеттiк органдар, БАҚ, Үкiметтiк емес ұйым (ҮЕҰ) өкiлдерi мен партиялардың бастамаларымен туындап отыр. Бiрақ соған қарамастан бұл күрестiң нәтижесi көңiл қуанта бермейдi. Мүмкiн болғанынша барынша қысқа мерзiмде сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоймасақ та, оның әсер ету ықпалы құқық қорғау органдарының көрсеткiшi мен сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексiнде (айтпақшы, осы индекс бойынша "Транспаренси ИнтернешнлҚазақстан" соңғы 2 жылда өзiнiң көрсеткiштерiн жақсартып, осы индекспен қамтылған 180 елдiң iшiнде 105-орынды иемдендi) елеулi түрде азайғанын қалаймыз. Әрине бұл өзгерiстi ең бiрiншi кезекте тұрғындар, бiздiң әрқайсымыз сезiнуiмiз керек. Параны беру немесе алу мүлде пайдасыз болатындай халге жетуге тиiспiз.

Кей уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрестiң тиiмдi болып шықпайтын себебi неде? Тiптi таяуда осыған орай, бiзде пара алмайтын шенеунiктер легi қалыптасуы үшiн 20 жыл күту керек деген көңiлсiз ойлар да айтылды.

Мұның себебi, сыбайлас жемқорлықпен шырмалғандар деп кiмдi есептеймiз дегендi дұрыс түсiнбеушiлiкте жатыр. Қазақстан сонау 2008 жылы БҰҰ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" Конвенциясын ратификациялады.

Яғни, бiздер барлық қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрғанда және онымен күресуге белсендi қатысқанда ғана нақты нәтижелерге қол жеткiзе аламыз. Қазiргi таңда азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекетi ойдағыдай болмай тұр. Бұл тығырықтан шығу үшiн осы салада – үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың күш-жiгерiн бiрiктiру қажет. Мұндай өзара әрекеттесудiң нәтижесiн, сапалы және дер кезiнде мемлекеттiк қызметтердi, тауарларды, медициналық қызмет көрсетудi, қауiпсiздiктi, жеңiлдiктерге теңдей қол жеткiзу мен сапалы бiлiм мен әлеуметтiк кепiлдiктердi алған адамдар сезiнгенде ғана, iс алға басады.

Қазақстанда және атап айтқанда Алматыда тұратын көптеген адамдарда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) мемлекеттiк қызметтер алу кезiнде, мемлекетке деген көзқарас қалыптасады. "ХҚО-лар – мемлекетiмiздiң келбетi" деп тегiн айтылмаса керек, өйткенi осы жерде мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлу сапасына орай, азаматтарымызда мемлекетке деген қатынас құралады.

Қазақстанның ең үлкен мегаполистерiнiң бiреуi болып саналатын оңтүстiк астанамыз – Алматыда әлеуметтiк, экономикалық және саяси тұрақтылықтың сақталуы өте маңызды. Осы жылдың басынан бастап, үкiметтiң қаулысымен Халыққа қызмет көрсету орталықтары жергiлiктi мемлекеттiк атқарушы органдардың – әкiмдiктердiң қарауына берiлдi. "Транспаренси Қазақстан"ҚҚ сонау 2008 жылы Әдiлет Министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша Қазақстандағы ХҚО-дың жұмысын оңтайландыру мәселесiмен шұғылданған едi және сол себептi осы жылдың басында Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовке "Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жасау" атты зерттеу жүргiзуге ұсыныс жасаған болатын.

Бұл ұсыныс әлеуметтiк тапсырыс аясында Алматы қаласының Iшкi саясат басқармасынан қолдау тапты. Осы бастаманы қолдаудың арқасында, Алматы қаласының Медеу, Бостандық, Жетiсу, Түркiсiб және Алмалы аудандарының ХҚО-ында сұрау салулар мен сұхбаттар өткiзуге негiзделген зерттеулер жүзеге асырылды. Зерттеулердiң нәтижесi Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғындарға мемлекеттiк қызмет ұсынудың сапасын бағалау, сондай-ақ ХҚО арқылы мемлекеттiк қызметтердi ұсыну кезiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi мен қиындық аймақтарын анықтау болды. Бұдан басқа, тұрғындарға сапалы мемлекеттiк қызмет ұсыну үшiн жергiлiктi атқарушы органдар мен мемлекеттiк органдардың тиiмдi өзара әрекет ету механизмдерi арқылы ХҚО-ын дамыту стратегиясы жасалды. Айтпақшы оның тұсаукесерi Алматы қаласының әкiмдiгiнде және Бостандық, Жетiсу және Алмалы аудандарының ХҚО-ында қолдау тапты.

Егер тәуелсiздiгiмiздiң алғашқы жылдары, үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк шенеунiктер арасындағы қатынастар жеке деңгейде құрылған болса, бүгiнгi күнi бұл өзара қатынастар институциялық деңгейге көштi және әлеуметтiк тапсырыс аясында жүзеге асырылатын болды.

Қаланың нақты тұтынушылықтарын анықтау үшiн беделдi тәуелсiз сарапшыларды тарту, түрлiше мәселелердi шешу үшiн жұмыс топтарын құру, бiрiккен оқу курстарын өткiзу, заңнамаға сараптаманы жүзеге асыру, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту, тәуелсiзмониторингтi жүзеге асыру арқылы мұндай жұмыстардың өткiзiлуi өте маңызды.

Шенеунiктер үшiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру курстарын, үкiметтiк емес ұйымдардың жасауы және жүзеге асыруы пайдалы деп есептеймiз. Осылайша"Транспаренси Қазақстан"мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, жалпы таралымы 500 дана CDдискке жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша электронды түрдегi осындай оқу курсын жасап шықты.

19 қараша2010 жылы Алматы қаласы әкiмдiгiнiң ғимаратында өткен "Мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуi үшiн өзара әрекеттестiктерiн күшейту" атты дөңгелек үстелiне қатысушылар, Алматыда әлеуметтiк, экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн Алматы қаласында сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды. Мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуi үшiн өзара әрекеттестiктерiн күшейту қажеттiгi айқындалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар (мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың 50-ден аса өкiлдерi) қоғам мүшелерiн қатыстыру арқылы, Алматы қаласы Әкiмдiгiнiң жанынан Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға жағдай жасайтын кеңесушi орган ретiнде – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестi құруға кеңес бердi. Дөңгелек үстелдiң қатысушылары, аталған Кеңестi құру, билiктiң мемлекеттiк атқарушы органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары,сыбайлас жемқорлықтың себептерi мен оларға жағдай жасайтын жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатты жүзеге асыру және азаматтарды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне төзбейтiн қатынас орнату бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың өзара әрекеттерiнiң күшеюiне жағдай жасайтын болады деп есептейдi.

Сергей ЗЛОТНИКОВ, "Транспаренси Қазақстан" Қоғамдық қорының атқарушы директоры