КАЛИФОРНИЯ ТӨРIНДЕГI ҚАЗАҚ АУЫЛЫ

КАЛИФОРНИЯ ТӨРIНДЕГI ҚАЗАҚ АУЫЛЫ

КАЛИФОРНИЯ ТӨРIНДЕГI ҚАЗАҚ АУЫЛЫ
ашық дереккөзі

АҚШ-тың Калифорния штаты атақты Малибу жағажайы мен әлемге танымал. Ендi бұл жағажай "Kazakh Land" атты этникалық қазақ аулы арқылы да дүниежүзiң назарын аударып отыр.

"Малибу" жағажайын бiздер әйгiлi су құтқарушылар туралы телехикаямен танимыз. Мұхит жағалауын бойлай жайғасқан жағажайдан қазақ аулын кездестiру кiм-кiмге де елес болып көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, дәл осы батыс жағалауда шаңырақ көтерген киiз үйлерде демалуға сұраныс көп. Сонымен, Америкадағы бұл ауыл несiмен ерекше?

Америка топырағында керегесiн керген қазақ аулында "Бесбармақ", "Чак-чак" және "Икра" атты тамақтану орындары да жұмыс iстесе керек. Каспий балығы мен шығыс дәмдерiн, ұлттық сусындар мен тағамды ұсынатын дәмханалар қазақ халқының салт-дәстүрiн әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен ағылатын туристерге танытып отыр.

"Kazakh Land" деп аталған миниатюралық этникалық ауылда ұлттық мейрамдар да аталып өтедi екен. Мәселен, Наурыз мерекесi, Бауырсақ күнi және қазақша күрестен сайыстар өткiзiлiп тұрады. Сондай-ақ шетелдiк қонақтардың қызығушылығын оятқан атпен салт жүру, құсбегiлердiң бүркiт салуы болса керек.

Әйгiлi калифорниялық жағажаймен байланысқан қазақ елiнiң этникалық ауылдары өзге елдерде де бой көтерсе деген арман бар. Бiрақ курорттық қазақ аулының қызықтарын тамашалаған туристердiң бұдан кейiн елiмiзге келу-келмесi екiталай.

Кейбiр америкалық басылымдарда этникалық ауыл туралы түрлi мақалалар да жарияланып үлгерген. Тiптен, сауықтыру орнына арналған ауылда Голливуд актерлерi де демалатын көрiнедi. Мәселен, жақында Анжелина Джоли жағажайға тiгiлген қазақ үйлерде демалған көрiнедi. Бүгiнде қазақ үй тiгiп, саятшы ұстап отырған кәсiпкердiң есiмi белгiсiз. Бiр қосарымыз, шетелде жүрген кәсiпкерлердiң өздерi үшiн де, Отаны үшiн де осындай шағын ауыл тiгуi олардың мәртебесiн арттырар ма едi? Әлбетте, мұндай демалыс орнына айналған киiз үйлер Алматы маңайынан ұзамай-ақ кездеседi. Бiрақ Калифорния топырағындағы қазақ аулының маркетингтiк болашағы да өте зор.

Ақниет ОСПАНБАЙ