ТУҒАН КҮНIМ – АСТАНА КҮНI!

ТУҒАН КҮНIМ – АСТАНА КҮНI!

ТУҒАН КҮНIМ – АСТАНА КҮНI!
ашық дереккөзі

Биыл Астана қаласының мерекесi әдемi тойланды. Арнайы орайластырылған концерттiк кеш пен шоу-бағдарламалар қала келбетiн көркейте түстi. Астананың биылғы мерейтойы қазақ халқын неше дүркiн қуантты. Атап айтсақ, мереке күнi 32 нәресте дiн аман дүниеге келдi.

Елорданың мерейтойында перзент сүйген ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Бiр қызығы, сәбилi болған аналардың басым көпшiлiгi орта жаста екен. Оларды перзентхана әкiмшiлiгi мен қаладағы балалар дүкендерiнiң өкiлдерi арнайы құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады. Дәрiгерлердiң айтуынша, бүгiн босануға тағы 41 ана дайындалып отыр.

— Орта жастағы аналар жастардан 2 есеге артық деуге болады. Бұл медициналық көмектiң жоғары деңгейге көтерiлгендiгiн көрсетедi. Оны бұрынғы кезбен салыстырсақ байқаймыз. Сондай-ақ, бүгiнде халықтың тұрмыс деңгейi де көтерiлдi, — дейдi Астана қаласы Перинатальдық орталықтың кезекшi дәрiгерi Марат Жабақаев.

Соңғы кездерi елiмiзде нәресте өлiмi жиi тiркелген. Елiмiзде дүние есiгiн ашқан 100 баланың 18,3-i шетiнеп кетедi екен. Сондықтан отандық дәрiгерлердiң алдында 2015 жылға дейiн нәресте шетiнеуiн 1,5, ал 2020 жылға қарай 2 есеге азайту мiндетi тұр. Себебi, босандыру кезiнде нәресте өлiмiнiң 15 пайызы дәрiгерлердiң қолынан болады.

Бiрақ мерекеде дүние есiгiн ашқан балаларға "Нұрсұлтан" есiмi берiлген жоқ. Қайта аналар нәрестелерiне Аллаберген және Тәңiрберген есiмдерiн лайықты деп тауыпты.

А. БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ