Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған сауда орталықтарын қандай жаза күтіп тұр?

Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған сауда орталықтарын қандай жаза күтіп тұр?

Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған сауда орталықтарын қандай жаза күтіп тұр?
ашық дереккөзі
Өрт кезінде шығатын есіктерін жауып қоятын сауда, ойын-сауық орталықтарына 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бізде барлығы 1151 ірі сауда орталығы бар. Олардың барлығын да 2018 жылы тексеру жоспарланған. Тексеруден демалыс деген бізде жоқ. Ол екі жартыжылдыққа бөлінген. Барлығы да тексерілетін болады. Мұндай қайғылы оқиғаны (Ресейдің Кемерово қаласындағы бірнеше адамның өмірін жалмаған сауда үйіндегі өрт) ескере отырып, кеше аумақтық органдарға арналған нұсқаулыққа қол қойылды. Онда өртті анықтау жүйесінің жай-күйіне, қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аудару көзделген», - деді ол. Сонымен қатар ол қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамаған сауда орталықтарына қандай жаза қолданылуы мүмкін екендігін де айтып берді. «50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, әкімшілік айыппұл салынады. Бұл 120250 теңгені құрайды. Әрбір есікке айыппұл салмаймыз, әкімшілік хаттама толтырамыз. Бұзушылық анықталғанда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ұйғарым беріледі. Егер қайта тексерілген кезде бұзушылық жойылмаса, онда материал сотқа беріліп, 100 АЕК немесе нысан қызметін тоқтату туралы шара қарастырылады. Мұндай шараны біз өткен жылы 21 рет қолдандық», - деді Беккер.