Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы көз жұмды

Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы көз жұмды

Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы көз жұмды
ашық дереккөзі
 Еurovision байқауының ең алғашқы жеңімпазы 95 жастағы Лиз Ассия Швейцарияның Цюрих қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап  Вaq.kz хабарлады.  Әнші 1956 жылы Еurovision байқауында жеңіске жетіп, танымал болды. Алғашқы конкурста ол Refrain әнін орындады. Кейін 1957 және 1958 жылдары да конкурсқа Швейцария атынан шықты. Ол 1924 жылы дүниеге келген. Отбасындағы 12 баланың кенжесі. Сахналық жолын биші болып бастаған. Ал, әнші ретінде алғаш рет 1940 жылы өнер көрсетті. Соңғы жылдары Лиз Ассия «Еуровидениеге» байланысты түрлі шараға қатысты. 2012 жылы Бакуде өткен конкурста арнайы қонақ болды.