Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды

Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды

Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды
ашық дереккөзі
Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының  Boeing-757 ұшағы шұғыл түрде Астана әуежайына қонды. Бұл туралы компанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімденді.  />Оқиға 24 наурызда орын алған.

«Бүгін әуекомпаниясының Қарағанды-Алматы бағыты бойынша КС 312 рейспен ұшып шыққан Boeing-757 ұшағы техникалық себептер бойынша Астана әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды», – делінеді хабарламада.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22:34-те штаттық тәртіп бойынша қонған.

«Экипаж қауіпсіздік жөніндегі халықаралық процедураларды сақтады. Жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылып, таңертеңгі КС 622 және 952 рейстерімен Алматыға жөнелтіледі. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінеді хабарламада.

 
    </div>


    
        <section id=