Үндістанда ең биік ескерткіш бой көтерді

Үндістанда ең биік ескерткіш бой көтерді

Үндістанда ең биік ескерткіш бой көтерді
ашық дереккөзі
Үндістанда адамзат тарихындағы ең биік ескерткіш бой көтерді. Үндістан тәуелсіздігі жолында күрескен қоғам қайраткері Валлабхаи Пательге Нью-Йорктегі әйгілі Азаттық мүсінінен екі есе биік ескерткіш орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат National Geographic-ке сілтеме жасап. Алып мүсін Гуджарат штатындағы Вардодара қаласының маңында, жасанды көлдің ортасынан бой көтерді. 2014 жылы басталған құрылыс жұмыстары аяқталу қарсаңында. Ол қазіргі ең биік ескерткіш - Қытайдың Хэнань провинциясындағы 128 метрлік Будда мүсінінен 54 метр биік болады. Мүсіннің өзі 182 метр, ал тұғырымен қосқандағы биіктігі 240 метрге жетеді. Оған 5700 тонна болат, 18500 тонна темір арматура, 75000 текше метр бетон және 22500 тонна қола табақ пайдаланылды.   Құны 320 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны қолға алған Michael Graves Architecture & Design компаниясы өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп, биыл тапсырылады.