Жүргізушісіз көлік сынақ кезінде бір адамды мерт қылды

Жүргізушісіз көлік сынақ кезінде бір адамды мерт қылды

Жүргізушісіз көлік сынақ кезінде бір адамды мерт қылды
ашық дереккөзі
Uber компаниясы АҚШ-тың барлық қалаларында басқарусыз автомобиль сынағын уақытша тоқтатты. Оған себеп дүйсенбі күні Аризона штатының Темпе қаласында басқарусыз автомобиль жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып өткен, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Компания штат билігімен қайғылы оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады. Компания басшысы Дара Хосроушахи қайғылы оқиғаға қатты қайғыратынын мәлімдеді. Осыған дейін де өзге компаниялар жасап шығарған басқарусыз автомобильдер апатқа ұшыраған. Мәселен 2016 жылы Google корпорациясы сынаған көлік автобусты кесіп өткен. Бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеген. Бүгінде басқарусыз көлікті Apple және Tesla компаниясы да жасап шығарған.