Зейнетке кімдер ерте шыға алады?

Зейнетке кімдер ерте шыға алады?

Зейнетке кімдер ерте шыға алады?
ашық дереккөзі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында зейнетке кімдердің ерте шыға алатынын айтты.

Вице-министрдің сөзінше, бізде қазіргі таңда зейнетке ерте шығатын бірнеше топ бар.

Біріншісі, дүниеге бес бала әкеліп, оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген аналар 53 жасында зейнетке шығады.

Екіншісі, Семей полигонында, өте жоғары радиациялық қатер, төтенше радиациялық қатер аймағында 1949 жылдан 1963 жылға дейін тұрған азаматтар.

Үшіншісі, зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда, ер азаматтар 55 жасында, әйелдер 50 жасында зейнетке шықтым деп үйде отыра алады.

Төртіншісі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери азаматтар.