19 Наурыз 2018, 10:25 1255 0 Өнер Анар ЛЕПЕСОВА

"Цирк дю Солей" әртісі биіктен құлап, мерт болды

Сурет: sputniknews.kz
Сурет: sputniknews.kz

Сенбі күні АҚШ-тың Флорида штаты Тампа қаласында Cirque du Soleil цирк әртісі қойылым кезінде биіктен құлап, қаза тапты.

Акробат Янн Арно қосарлы шығыршықтармен өнер көрсетіп жатқанда, қолы тайып кетіп, алты метр биіктіктен жерге құлады, деп жазады РИА Новости WFLA телеарнасына сілтеме жасап.

Әртіс ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

"Cirque du Soleil отбасы болған оқиғаға есеңгіреп, қатты қайғырып отыр. Янн 15 жылдан бері бізбен бірге болды, оны білген жандардың бәрі жақсы көретін", — деп мәлімдеді Cirque du Soleil бас атқарушы директоры Дэниел Ламарр

 

Соңғы жаңалықтар