Аналарға ақжарма тілек ақтарылған күн

Аналарға ақжарма тілек ақтарылған күн

Аналарға ақжарма тілек ақтарылған күн
ашық дереккөзі

 Көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға  деген ыстық сезім, алғыс  пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің  гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Ылайым   балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсе  екен деген  және  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әр анаға қуаныш сыйлау мақсатында  Алматы қаласындағы Гүлнар Шахметқызы басқаратын № 109 жалпы білім беретін мектептің  1 «Г» сыныбыныда «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»  атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Баланың анаға деген  құрметті насихаттайтын шараға мектеп басшылары, ұатаздар мен аналар қатысты. Түрлі – түсті шар, гүлдермен безендірілген сахна  мереке иелерінің көңіл күйін көтере түсті. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген балалар – алтын аналарын қастерлеп, еңбегін бағалап ,бар өнерлерін  ортаға салды. Аналарын аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес  асыл заттарға теңеген тақпақтары мен жырларын тарту етті. Ана туралы ән мен көңілді би, сахналық көріністері де кештің көркін қыздыра түсті. Олардың ішінде Каимбек Санжар, Нұрлан Ақерке, Садыкова Амина, Баткеев Жанайдар, Кожабек Айша, Тлешов Айкен, Абдулжан Ақерке, Омар Нұрай, Мұрат Анель, Бектұрған Алуа, Ғаниұлы Бауыржан, Жанысбек Дияр,Тұрсынхан Саят ерекше өнерлерімен көзге түсіп, көрермен қауымды тәнті етті. Кеш соңында балалар аналарына деген алғысы ретінде сыйға  өз қолдарынан жасаған гүл шоқтарын  табыс етті. Көктемнің  шуақты мерекесі  қарсаңындағы ұйымдастырылған осы кеш аналар қауымына ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.  

                                                                            Тұрар Юсупова,

        № 109 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі