Өзбекстан Қазақстанға жаңа елшісін аттандырды

Өзбекстан Қазақстанға жаңа елшісін аттандырды

Өзбекстан Қазақстанға жаңа елшісін аттандырды
ашық дереккөзі
Өзбекстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
10 наурызда жаңа елші өз дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға келді. Еске сала кетсек, бұған дейін Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен. Саидикрам Ниязходжаевтың негізгі мамандығы инженер-құрылысшы, Сыртқы істер министрлігіне дейін ол Өзбекстан Республикасы Президентінің аппаратында, үкіметтік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік кеңесшінің орынбасары, экономика министрінің орынбасары болған.