Бозымбаев орынбасарының ісі жайлы: "Бұл біздің ұжым үшін өте ауыр соққы болды"

Бозымбаев орынбасарының ісі жайлы: "Бұл біздің ұжым үшін өте ауыр соққы болды"

Бозымбаев орынбасарының ісі жайлы: "Бұл біздің ұжым үшін өте ауыр соққы болды"
ашық дереккөзі
ҚР  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Ғани Сәдібековтің жемқорлық жасады деген айыппен ұсталуына қатысты пікір білдірді.   />«Біздің министрліктің вице-министрі және департамент директоры қамауға алынды. Бұл біздің министрлік үшін, ұжым үшін өте ауыр соққы болды. Бірақ, осы кезеңде әрбір сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына, тиісті адвокаттарға жолдау керек. Өйткені, қазіргі таңда біздің министрлікте ешқандай материал жоқ. Сондықтан біз мәлімет бере алмаймыз», – деді Қанат Бозымбаев.

Еске сала кетейік, ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырды деген айыппен ұсталды.

Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты күдікті – Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновке қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды.
    </div>


    
        <section id=