Альварестің допинг сынамасынан Кленбутерол табылды

Альварестің допинг сынамасынан Кленбутерол табылды

Альварестің допинг сынамасынан Кленбутерол табылды
ашық дереккөзі
Мексикалық боксшы Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Бұл туралы «SPORTINFORM» ХАА хабарлады.  Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растап отыр. Бұл мәліметті шетелдік ақпарат құралдары таратты. Солт-Лейк-Ситидегі WADA-ға (Бүкәләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі) аккредиттелген SMRTL зертханасының директоры Дэниель Айкнер оқиғаға қатысты жазбаша түрде пікір білдірді. «Анықталған препарат белгіленген диапазоннан аспайды, тағамға қосылған еттің құрамында болуы мүмкін», - деп жазылған оның хабарламасында. Бұл оқиғаға қатысты Головкин мен Альварестің 5 мамырдағы жекпе-жегі тоқтатылмауы мүмкін. Альварес тарапы тыйым салынған препараттың боксшы жеген еттен келгенін айтып ақталып отыр. Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес кездесуі VADA қолдауымен WBC енгізген «Таза бокс» бағдарламасының аясында өтуі тиіс.