Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі жарияланды

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі жарияланды

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі жарияланды
ашық дереккөзі
Ақпан айында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 9 млрд тенгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ баспасөз қызметі. «Жүйе іске қосылған былтырғы жылдың шілдесінен бастап сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын тұлғалар төлей бастаған болатын. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 28 ақпаны аралығында түскен соманың жалпы көлемі 47 млрд теңгені құрап отыр» , -делінген баспасөз баянында. Аталған қаражаттың 39 млрд теңгесі немесе 83 пайызға жуығы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8 млрд теңге (17 пайызға жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, сақтандыру төлемдерін төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.