Қырғызстанда милицияны полиция деп өзгерту ұсынылды

Қырғызстанда милицияны полиция деп өзгерту ұсынылды

Қырғызстанда милицияны полиция деп өзгерту ұсынылды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков милицияны полиция деп өзгерту мәселесін қарастыруды тапсырған. Ол бұл жөнінде «Қылмысты бірлесіп алдын алу саясаты мен қауіпсіздігі жөніндегі» конференцияда мәлімдеді. Исаковтың пікірінше, милиция қоғамға аз ықпал ететін әскериленген құрылым. Ал полицияның міндеті азаматтармен байланыс орнату. "Милиция" атауы СССР тұсында бекітілген. Совет одағы құлағаннан кейін, бұрынғы советтік республикалардың дені бұл құрылымды "полиция" деп өзгерткен. Қазақстан полиция деп 1998 жылы, Ресей 2011 жылы өзгерткен. Былтыр Өзбекстанның ішкі істер министрі Абдусалом Азизов елде енді "милиция" термині қолданылмайтынын, "ішкі істер органдары" деп аталатынын мәлімдеген. Былтыр 9 қарашада Сапар Исаков Патрулді милиция бас басқармасын таратып, Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасын құрған.