Пентагон Путиннің ядролық қаруды дамыту туралы мәлімдемесіне жауап берді

Пентагон Путиннің ядролық қаруды дамыту туралы мәлімдемесіне жауап берді

Пентагон Путиннің ядролық қаруды дамыту туралы мәлімдемесіне жауап берді
ашық дереккөзі
Пентагон Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қаруды дамыту туралы мәлімдемесіне жауап берді. "Америкалықтар алаңдамаса болады. Біз толықтай дайынбыз", – деп мәлімдеді 1 наурызда Пентагон өкілі Дана Вайт.
Вайттың айтуынша, АҚШ-тың Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейге бағытталмаған, ол Иран мен Солтүстік Корея жақтан келетін қауіптен қорғануға арналған. Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Федералдық мәжіліс алдында сөз сөйледі. Конституция бойынша президент жыл сайын жолдау жасауы керек. Бұл жолы жолдау күні бірнеше мәрте ауыстырылып, сайлау жақындағанда ғана жасалып отыр. Путин баяндамасының жарымы жаңа қарулану жүйесін таныстыруға арналды. Олардың барлығы дерлік ядролық заряд тасымалдауға жарамды. Путиннің сөзіне қарағанда, АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейді жаңа қарулар шығаруға мәжбүрлеген. Ресей президенті таныстырған қарулардың бірқатары бірінші мәрте көрсетіліп отыр. Олардың техникалық сипаттамасы мен қаншалықты дайын екендігін бейтарап түрде дәлелдеу мүмкін емес.