Apple компаниясы iPhone-ның үш жаңа үлгісін шығарады

Apple компаниясы iPhone-ның үш жаңа үлгісін шығарады

Apple компаниясы iPhone-ның үш жаңа үлгісін шығарады
ашық дереккөзі
2018 жылдың соңына дейін Apple смартфонның үш жаңа моделін нарыққа шығармақ, деп хабарлайды Bloomberg. Компания қазіргі дейін шығарылып жатқан модельдерге қарағанда экраны үлкен iPhone смарфтонын, iPhone X моделінің жаңарған нұсқасын және негізгі модельдің арзандау нұсқасын нарыққа шығармақ. Bloomberg-тің хабарлауынша, жаңа смартфондарға iOS 12 жүйесі енгізілуі мүмкін. D33 деген ат берілген үлкен смартфонның экраны 6,5 дюйм болады. iPhone X-тегі сияқты онда да Face ID технологиясы пайдаланылады. iPhone X смартфонының қолжетімді нұсқасында А12 процессоры қолданылады. Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда «үлкен» смартфонның екі SIM-карталы нұсқасын шығару да мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр, бірақ бұл жайлы әлі нақты шешім қабылданбаған. Бұған Apple компаниясының SIM-картаны алмастырмай-ақ басқа провайдердің қызметін пайдалана беру мүмкіндігін беретін E-SIM технологиясын күтіп отырғаны себеп болуы мүмкін.