Қазақстан арзан бензин бағасы бойынша көш бастап тұр

Қазақстан арзан бензин бағасы бойынша көш бастап тұр

Қазақстан арзан бензин бағасы бойынша көш бастап тұр
ашық дереккөзі
 «РИА Рейтинг» сарапшылары 2018 жылға арналған Еуропадағы бензин мен дизель бағасының рейтингін жариялады. Аталған тізімге 33 мемлекет кірген, оның ішінде Қазақстан да бар. Ресейлік «РИА Рейтинг»  агенттінің сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, Қазақстандағы АИ-95 бензинінің бағасы жылдың басында 176 теңгені құраған. Бұл – тізімдегі елдердің ішінде ең төмен баға көрсеткіші болып саналады. Екінші орында – Беларусь (206,7 теңге), үшінші – Ресей (233 теңге). Ең қымбат АИ-95 бензинінің  бағасы Нидерландыда (629 теңге). Қазақстанда бір жылдың ішінде АИ-95 20,4 пайызға өсіп кеткен. Бұл – рейтингке қатысушы мемлекеттер ішіндегі ең жоғарғы және жылдам көрсеткіш. Еуропаның 6 мемлекетінде бензин бағасының арзандауы байқалса, 3 мемлекетте баға ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Рейтинг статистикасына сәйкес, еліміздегі дизель отынының бағасы 210 теңге, бұл Беларусь мемлекетінен кейінгі екінші орын (208 теңге). Қазақстандағы дизельдің бағасы бір жылдың ішінде 25,8 пайызға өскен. Жылдық өсімді анықтайтын бұл рейтингте де еуропалық мемлекеттердің ешқайсысы біздің алдымызға түсе алмады. Рейтингтің тағы бір көрсеткіші бойынша, қазақстандық азаматтың орташа жалақысына 853,6 литр бензин сатып алуға болады екен. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан кестеде кейін қарай жылжып ортаңғы 16-орынға жайғасты. Бұл өлшемде көш бастап тұрған Люксембург тұрғындары. Олар жалақыларына 471 теңгеден 2701 литр бензин сатып ала алады. Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі