Былтыр Қырғызстанда бала зорлау ісі бойынша 57 адам сотталды

Былтыр Қырғызстанда бала зорлау ісі бойынша 57 адам сотталды

Былтыр Қырғызстанда бала зорлау ісі бойынша 57 адам сотталды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 2017 жылы кәмелетке толмағандарды зорлаған деген айыппен 57 адам сотталған. Бұл жөнінде Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Бас прокуратураның мәліметі бойынша, 2016 жылы кәмелетке толмағандарға қарсы 400 қылмыс жасалған. Оның 30-ы сексуалдық зорлық фактісі бойынша. Балалар құқықтарын қорғау ұйымының мәліметі бойынша, 2017 жылы балаларға жасалған қылмыс деңгейі 600-ге өсіп кеткен. «600 қылмыс, оның 127-сі жыныстық зорлау. Бұл көрсеткіш өте жоғары. Бұл біздің білетініміз ғана, білмейтініміз қанша?»​, - дейді ұйым жетекшісі Нагүл Тұрдыбекова. Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 129-бап, 3-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарды зорлау ісі бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.