Футбол: Ұландар ұлт намысын қорғайды

Футбол: Ұландар ұлт намысын қорғайды

Футбол: Ұландар ұлт намысын қорғайды
ашық дереккөзі
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы ұлт намысын қорғамақ. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 12 және 16 маусым күндері Алматыдағы Оталық Стадионда Қазақстан - Түркия, Қазақстан - Кабо-Верде матчтары өткізіледі.
Матчқа билеттері онлайн бойынша сатылымға түскен. Билеттер 30 мамырға дейін пакет арқылы ғана сатылыпты. Пакет екі матчтың билетінен тұрады. Шығыс трибунаның билеттерін жеңілдікпен алуға болады екен. Ал 30 мамырдан бастап билеттер онлайн арқылы жекелей сатыла бастады. 6 маусымнан бастап Қазақстан - Түркия матчының билеттерін Орталық стадионның кассаларынан алуға болады. Билеттер ендігі сатылып жатыр. Білетіндердің айтуынша, Орталық Стадионның 33 бөлімінде ойынды тамашалау ыңғайлы әрі айқын көрінеді екен. Бұл матчқа келем деушілерге құлаққағыс. Ұйымдастырушылар Қазақстан – Кабо-Верде матчының билеттері Орталық стадионның кассаларында 15 маусымнан бастап сатылатынын айтады.
Бұл матчтардағы билеттердің бағасы 500-4000 теңге аралығында тұрады. Ал, VIP-ложа - 5000-7000 теңге. Билеттерді кассалардан 11:00 - 19:00 сағат аралығында алуға болады. Ескеретін жайт, кассалар демалыссыз жұмыс істейді. Егер қажет деп тапсаңыз, анықтама телефондары бар: +7-707-515-20-20; +7-701-379-16-36. Ұлттың намысын қорғайтын ұландарға жанкүйер болыңыз, ағайын! Стадионда футболшыларға дем беріңіз. Алматы ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен түрік ағайындар жиналуға шешім қабылдапты. Олар өз ойыншыларына дем бермек. Сіз де қағыс қалмаңыз!