Төреғали Төреәлі: Ұлттан биік емеспін!

Төреғали Төреәлі: Ұлттан биік емеспін!

Төреғали Төреәлі: Ұлттан биік емеспін!
ашық дереккөзі
YouTube желісінде әнші Төреғали Төреәлінің көпшілік алдында кешірім сұраған видеосы пайда болды. Онда Алматыда желтоқсан айының соңында өткен «Тәуелсіздікке тарту» ақындар айтысында сахнаға шыққан сәті көрініс тапқан.  Халықтың алдына шыққан әнші кешірім сұрамас бұрын «Менен басқа не жаңалық болып жатыр?» деп көпшілікті бір ду күлдіріп алды. «Сынап та, сыбап та алып жатырсыздар. Ол мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қорғайтын ел-жұрт барда, қолдайтын Алла барда менің еңсемді тіктеп ұстап жүрмеуге ешқандай қақым жоқ деп ойлаймын, ағайын. Қазақта бір жақсы сөз бар ғой: «Өзінің туған жерінің тасына сүрінген ер-жігіттің аяғы ақсамайды» деген. Бұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды. Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын. Кем-кетігім болса - еркелігім деп, шалалығым болса - балалығым деп қабылдарсыздар», - деді Төреғали Төреәлі. Әнші өз сөзінде «Бүгінгі айтысымыздың өзі Тәуелсіздікке тарту, яғни ТТ екен. Мені де ТТ еткен осы айтыс. Ол - сіздерсіздер», деп сөзін жалғады. «Кешірім сұраймын. Ағайыным, сіздерді қатты жақсы көремін. Оны мен сөзіммен растап, ешқандай ақталмай-ақ, жүректеріңіз сезер деп ойлаймын», - деген ол «Ақиқат» атты жаңа туындысын орындап берді. Еске сала кетсек, өткен айда Павлодарда болған концертте әнші Төреғали Төрәлінің залдағы көрерменмен сөз таластырып, оның шығып кетуін талап етуі туралы видео тараған болатын. Әншінің бұл қылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, Төреғали Төреәлі көпшілік тарапынан үлкен сынға ұшыраған еді.