"Эйр Астана" 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады

"Эйр Астана" 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады

"Эйр Астана" 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады
ашық дереккөзі

«Эйр Астана» 2017 жылы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады

Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Эйр Астана» 2017 жылы  4-миллионыншы жолаушыны тасымалдады. Бұл компания тарихындағы рекордтық жылдық көрсеткіш.

Жалпы ағымдағы жылы «Эйр Астана» 4,2 млн. жолаушыны тасып, өткен жылғы көрсеткішті 12% аспақ. Жолаушытасқыны көбінесе 2017 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрме өткен күндері Астанаға келген халықаралық жолаушы есебіне өсті.

Сондай-ақ «Эйр Астана» тасымал көлемін Астанадан Лондон, Бейжің, Ыстамбұл, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Тбилиси, Ташкент, Бішкек, Бангкок және Сеул қалаларына ұшу жиілігін ұлғайту арқасында арттырды. Маусымда Астана-Дели тікелей рейсі ашылып, Астанадан Киевке рейс қайта басталған. Қосымша жиіліктер Алматыдан Санкт-Петербург және Тегеран қалаларына қосылған.