Forbes: 2017 жылы сенімді ақтамаған актерлер кімдер?

Forbes: 2017 жылы сенімді ақтамаған актерлер кімдер?

Forbes: 2017 жылы сенімді ақтамаған актерлер кімдер?
ашық дереккөзі
 Forbes журналы 2017 жылдың сенімді ақтамаған «үздік» актерлері тізімін жариялады. Антирейтингінің көш басында Марк Уолберг тұр, депхабарлайды ҚазАқпарат журналдың сайтына сілтеме жасап. Марк Уолберг алған гонорарлар есепті кезеңде 68 миллион доллардан асып жығылды. Биыл Уолберг рөл сомдаған үш фильм көрерменге жол тартты. Олардан актерға төленген гонорардан небары 4,4 есе көп бюджет жиналған. Екінші орында гонорарының әр 1 доллары үшін 6,7 доллар әкелген Кристиан Бэйл тұр, ал «үздік үштікті» Ченнинг Татум (7,6 доллар) түгендеді. Әйгілі актерлер - Дензел Вашингтон (10,4 доллар) және Брэд Питт (11,5 доллар) ТОП-5 тізіміне кірді. 2016 жылы бұл рейтингінің басы Жонни Деппке «бұйырған» болатын. Еске сала кетсек, тамыз айында 2017 жылдың ең көп ақы төленген актерлерінің тізімі жарияланған болатын.