Алматыда халықаралық «Ұлы дала елі» фестивалі өтті

Алматыда халықаралық «Ұлы дала елі» фестивалі өтті

Алматыда халықаралық «Ұлы дала елі» фестивалі өтті
ашық дереккөзі
Түркітілдес елдерден келген жыршы-термешілердің басын қосқан шара «Бағаналы ордам – басты ордам» деп аталады. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала елі» фестивалін қала әкімі Бауыржан Байбек ашты. Аталған іс-шараның мақсаты – ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен төл мәдениетімізді дәріптеп, жастардың бойына сіңіру. Кеш барысында жыршылық дәстүрдің жалғаушысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосыноваға Франция мәдениет министрлігінің «Әдебиет және өнер» ордені тапсырылды.