Білім – бағалы инвестиция

Білім – бағалы инвестиция

Білім – бағалы инвестиция
ашық дереккөзі
Елдің болашағы – көзі ашық, көкірегі ояу жастар. Заман талабына сай білім алып, белгілі бір кәсіптің қыр-сырын меңгерген өрендер ғана мемлекеттің дамуына, байыпты бастамалардың ілгерілеуіне серпін болмақ. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жастардың сапалы білім алуына жағдай жасап келеді.   Апта басында Қызылорда облысында «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында «Болашағыма бүгінгі бастау»  тақырыбында аудан жастарымен кездесу өтті. Партияның Жалағаш аудандық филиалының өкілдері бастаған арнайы топ «Сәтті қадам» партиялық жоба аясында «Болашағыма бүгінгі бастау» тақырыбында жастармен кездесіп, Елбасы Жолдауын және Конституциялық реформа нәтижелерін талқылады. Кездесу кент орталығындағы №201 мектеп-лицей ғимаратында өтті. Білім ұясының шәкірттеріне болашақта көшбacшылыққa өз oйын aшық aйтa бiлyгe және мамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндірілді. – «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасының басты бағыттарының бірі – түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру. Таңдаған мамандық бойынша білім ордасын тәмамдағаннан кейін, сол бағытта халқына адал қызмет ету, еңбегінің жемісін көру кез келген жастың арманы және мақсаты екені айтпасы да түсінікті. «Нұр Отан» партиясы жүзеге асырып отырған «Сәтті қадам» жобасы жас буынның өмірден өз орнын табуына жәрдемдесіп, олардың маман ретінде қалыптасуына өзіндік септігін тигізеді, – деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева. Кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің  басшысы  Айбек Әбдірахманов сөз алып, партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Жалпы, ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған 18ал тестілеуге мүлдем қатыспаған 78 түлек бары анықталды. ҰБТ-дан өте алмаған 18  түлектің 4-еуі жоғары, 14-і арнаулы орта оқу орындарына қабылданды. Мүлдем қатыспаған түлектер де партия назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Оларды «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жұмысқа орналастыру бағытында түрлі ұйымдармен жұмыстар жасалып жатыр, – деді Айбек Әбдірахманов. Кездесуде оқушылар мемлекет тарапынан білім аламын, жұмыс жасаймын деген жастарға мүмкіндік мол екенін жасырмады. Мәселен 11 сынып оқушысы Анель Балмағанбетова «Қазіргі таңда Елбасымыз болашақ жастардан көптеген үміт күтеді. Сондықтан  біз сол сенімді ақтап, алға қадам  басып, өзімізді тек алға жетелеуіміз  керек», ‒ деп  өз ойын айтты Білім өз болашағыңа құйылар ең құнды инвестиция екенін павлодарлық жастар да жақсы біледі. Облыста жұмысшы мамандықтар бойынша студенттерді оқыту сәтті жүзеге асуда. Нәтижесінде жыл санап кәсіптік-техникалық білім алушылар қатары көбейіп келеді. Аймақта 2016 жылдың қаңтарынан бастап жұмысшы мамандарды оқыту тегін жүргізіледі. Осы бағытта 42 мамандық бойынша 5 мыңнан астам студент білім алуда. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында өткен «Білім беру» бағыты бойынша аймақтық комиссияның отырысында айтылды. Өңірде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін» әлеуметтік жобалары аясында аймақтағы 7 колледжде сұранысқа ие 12 мамандық бойынша оңтүстік облыстардан келген 502 жас оқиды. Бұл жоба 2014 жылы басталғанда небары 50 мектеп бітіруші Павлодар облысына келген-ді. Үш жыл аралығында аймақта жұмысшы мамандығын игеруге ниеттілер қатарының 10 есе өсуі қуантады. Биыл «серпіндіктердің» алғашқы легі оқуды тәмамдап, қызметке орналасты. Осы орайда дуалды оқыту жүйесінің оң жолға қойылғанын атап өткен жөн. Бүгінгі күні өңірдің 623 кәсіпорны, ұйымымен 810 келісімшарт және меморандум жасалып, 137 оқу гранты, 75 шәкірт­ақы­ бөлінді. Тәжірибеден өту үшін 9 мың орын қарастырылып, оның 1 348-і бойынша жалақы төленеді. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Әлекпарованың айтуынша, «Барлығына бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында облыстың 26 колледжінде сұранысқа ие 52 жұмысшы мамандық бойынша 1 035 адам кәсіптік оқудан өтуде. Сараптау комиссиясының төрағасы, Павлодар техникалық колледжінің директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасының басшысы Қабылқақ Қапенов сұранысқа ие мамандарды дайындауда ауқымды жұмыс жүргізілгенін тілге тиек етті. Келешекте де нәтижелі болуы үшін жұмыс берушілермен байланысты бекіте түсу қажет.