Алтын астық - қазақтың мәңгі байлығы

Алтын астық - қазақтың мәңгі байлығы

Алтын астық - қазақтың мәңгі байлығы
ашық дереккөзі
Алтын астық Қазақстанның басты байлығы десек, қателеспеспіз. Әрине, мұнай, газ, түсті металлдарға да бай елміз, бірақ әлемде астық өндіруден алдыңғы қатарда тұратынымыз сөзімізге анық дәлел болса керек. Әлемнің талай мемлекетін жоғары сапалы астықпен қамтамасыз етіп, кең байтақ жерімізді игере білген тәжірибеміз – ұрпақтан ұрпаққа жетер өнеге.Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырдан аса уақытта қазақ елі нан өнімдерінен таршылық көрген емес. Демек, Қазақстан – әлемде дән тәуелсіздігіне қол жеткізген санаулы мемлекеттің бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау жөніндегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы 2017 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 20 368,2 мың тонна астық жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары, өндірушілер есепті мерзімге 14 729 мың гектар астықты жинап үлгергенін, бұл өңірлердегі жинау аудандарының 96,3% құрайтындығын хабарлады. Орташа өнімділік 13,8 ц/га. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 12 926,4 мың га алқап жиналды. Облыстардағы жинау аудандарының 84,6%-ын құрап, 19 044,3 тонна астық жиналған. Орташа өнімділік 14,7 ц/га-ға тең болды. 2017 жылы астық жинау аудандары 15 298 мың га, 2016 жылы - 15 275,1 мың га.