Мирзияев Шешенстан басшысымен кездесті

Мирзияев Шешенстан басшысымен кездесті

Мирзияев Шешенстан басшысымен кездесті
ашық дереккөзі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 қазанда Ташкентке жұмыс бабымен келген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты қабылдады, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы.
Кездесуде әріптестікті дамытудың болашағы талқыланды. Сауданы дамыту, ортақ бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыру, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жобаларды кеңейту мәселелеріне көңіл бөлінді. Кездесуде өзбек басшысының Ресейге сапары кезінде жоғары деңгейде қабылданған құжаттар екі ел аймақтарының әріптестігін дамытуға тың серпін бергені айтылды. Шешенстан басшысы Шавкат Мирзияевқа Өзбекстанға сапарын ұйымдастырып, құрметтеп күткеніне алғысын білдірді. Ол әкесі Ахмат қажы Қадыров білім алған тарихи ислам өркениетіне сапарлап келгеніне ризашылығын айтты. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, Рамзан Қадыров 16 қазанда өзбектің белгілі дін маманы Мұхаммад Садық Мұхаммад Юсуфтың зиратына барды. Ол Шешенстан республикасының алғашқы президенті Ахмат Қадыровтың ұстазы болған. Дереккөз: centralasian.org