Ұлттық банк: Теңге бұдан әрі әлсіремейді

Ұлттық банк: Теңге бұдан әрі әлсіремейді

Ұлттық банк: Теңге бұдан әрі әлсіремейді
ашық дереккөзі
Теңгенің бұдан әрі әлсіреуіне жол жоқ. Данияр Ақышевтің кеңесшісі және "Алмагест" консалтингтік компанияның директоры Айдархан Құсаинов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында осылай деді. 
Экономист Айдархан Құсаиновтың айтуынша, қазіргі уақыттағы теңгенің әлсіруіні басты себебі – валюта нарыығындағы алып-сатарлық көңіл-күйге байланысты болып отырғанына сенімді. "Соңғы екі айдың көлемінде теңгенің әлсіреуі, шетелдік валютаға қатысты орын алған жаппай сұраныстың нәтижесінде болып отыр. 2017 жылдың бірінші жартысында валютаға деген сұраныс әдеттегіден екі есе аз болған еді. Бұл дедолларизацияға қатысты да болуы мүмкін. Алайда шілде айынан бастап, жағдай өзгерді. Бұл теңге бағамының өзгеруіне әкелді. Тұрғындар доллар бағамының өскенін бақылап отырып, жаппай валюта салыт алуға көшті. Нәтижесінде теңгенің құлдырауы болып отыр", — деді Құсайыов. Сарапшының берген бағасы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы қазіргі нақты бағамы — 340 теңге.