Ауғанстанда жиһадшылардың шабуылынан ондаған сарбаз қаза тапты

Ауғанстанда жиһадшылардың шабуылынан ондаған сарбаз қаза тапты

Ауғанстанда жиһадшылардың шабуылынан ондаған сарбаз қаза тапты
ашық дереккөзі
Ауғанстанда жиһадшылардың шабуылынан ондаған сарбаз қаза тапты. Қандағар провинциясында жиһадшылардың шабуылынан Ауғанстан қауіпсіздік күшінің кемінде 12 қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Бұл жөнінде Ауғанстан полициясы хабарлады. Хабарға қарағанда, жиһадшы жарылғыш зат қойылған "Хамви" автокөлігімен Маруф ауданындағы үкіметтің және полицияның штаб пәтері маңына барып, жарып жіберген. Шабуылға жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы алған. «Талибан» содырлары Маруф ауданының орталығын басып алдық деп мәлімдеді. Алайда Дуррани мен провинция кеңесінің өкілдері мұны жоққа шығарады. Дурранидің айтуынша, «Талибан» шабуылына тойтарыс берілген. АҚШ әскери күші мыңдаған «Хамви» автокөлігін Ауғанстан әскеріне қолдануға берген. Бірнеше жыл қатарынан «Талибан» қымбат тұратын көліктің он шақтысын тартып алған. 27 қыркүйекте АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис пен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Кабулға барған кезде, содырлар халықаралық әуежай ауданына зымыран ұшырған. «Талибан» мен «Ислам мемлекеті» экстремистік топтары бұл шабуылды мойындарына алған.