Қазнет нарығы әлемнің 148 мемлекетінің арасында 40-шы орнында

Қазнет нарығы әлемнің 148 мемлекетінің арасында 40-шы орнында

Қазнет нарығы әлемнің 148 мемлекетінің арасында 40-шы орнында
ашық дереккөзі

2014 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан ғаламтор саласының дайындығы жөнінен әлемнің 148 мемлекетінің арасында 40-шы орынға шықты. Рейтингте ғаламтор саласының дамуы мен технологиялық мүмкіндіктер сараланды. Тиісті мағлұматты Дүниежүзі ақпараттық технологиялар жөніндегі экономикалық форум өкілдері таратты. 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел тізімде 3 сатыға өсіп, Орталық Азия елдерінің арасында көшбастап тұр.

«Кезінде, Орталық Азия мемлекеттерінің аймағында, ғаламтор саласы баяу дамитын болады деген ой қалыптасқан еді. Себебі, аймақтағы мемлекеттердің саяси жағдайы мен сыртқы экономикалық әріптестігі әр келкі. Мысалы, Қазақстан, Қырғызстан секілді елдер жақсы дамып жатса, Түркменістан мен Өзбекстанда жағдай нашар. Алайда, орын алып жатқан проблемаларға қарамастан, ғаламтор саласы қолдау тауып, дамып жатыр»,- дейді сарапшы Вячеслав Мамедов.

Ал сала мамандары Қазнеттің болашақ дамуына, отандық ресурстар мен қызметтердің құрылуы әсер етеді деген пікір бірдіруде. Қазақстаннның ғаламтор қауымдастының президенті, Шавкат Сабиров: «Ақпараттық саланы отандық контентпен толықтырып отыру қажет. Отандық өнімдердің саны артса жақсы болар еді. Осыған орай, елбасы да өзінің халыққа жолдауынша, осы мәселені нақтылап айтып өткен еді»,-дейді. Қазконтент компаниясының деректеріне сүйенер болсақ, қазір Қазақстанда ғаламторды 12 млн. адам пайдаланады, тұтынушылардың 40 пайызы ғаламторды теледидардан кейінгі сенімді ақпарат көзі көреді.