Ұлттық банкі ағымдағы жылы теңге курсын төмендетуі мүмкін

Ұлттық банкі ағымдағы жылы теңге курсын төмендетуі мүмкін

Ұлттық банкі ағымдағы жылы теңге курсын төмендетуі мүмкін
ашық дереккөзі

Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігінің болжамы бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі ағымдағы жылы теңге курсын төмендетуі мүмкін деп жазады 7kun.kz.  Агенттік берген есеп бойынша, 2014 жылдың ақпан айында теңге 19 пайызға құнсызданды. Алдағы құнсыздану қаупі мұнай бағасының төмендеуі мен 2014 жылдың соңына қарай ресей рублінің әлсіреуіне байланысты туындап отыр. Қазақстан үкіметі ұлттық валюта бағамының ауытқуынан айналып өтер жол іздейтіндігін бірнеше рет айтқан болатын. «Біздің ойымызша, Ұлттық банк теңгенің әлсіреуін біртіндеп енгізеді немесе 2015 жылы тағы бір рет девальвацияға жол береді», — делінген құжатта.

«Негізінен, біз банктік жүйедегі несие беру қарқыны өткен кезеңмен салыстырғанда аздап бәсеңдейді деп ойлаймыз. 2015-2016 жылдары кесімді өсім жылына 2-5 пайызды құрайды. Ал, бұл болса 2011-2014 жылдардағы 10 пайыздық көрсеткіштерден әлдеқайда төмен», — деп көрсетілген агенттік есебінде. Сонымен қатар Қазақстан алдағы 3 жылда теңге бағамын тиянақтаудан бас тартып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді деп хабарлайды LS.

«Біз Халықаралық валюта қорының кейінгі уақытта теңге бағамын тиянақтап отыру мүмкін емес деген позициясын қолдаймыз. Бірақ бағам иілгіш болуы қажет. Жаңа саясатқа өтуді ауыр процес деп айтуға болады. Орта мерзімді перспективада біз 12 айдан 36 ай аралығында теңге бағамының жаңа курсына өтуіміз қажет. Бұл- жаңа саясаттың бір бөлігі», — деп атап өтті Келімбетов. Ұлттық банк басшысының атап өтуінше, монетарлы саясат ең алдымен қаржы нарығының құралдары енгізілуі қажет дегенді білдіреді.

«Яғни Ұлттық банк елдегі несиелендірудің бәсіне ықпал етіп, қысқа мерзімді өтімділікті ұсына отырып, ел экономикасында басқаша рол ойнай бастайды. Бұл біз үшін жаңа қадам болып табылады. Оған дайындалу қажет», -деп атап өтті Келімбетов. Осыған дейін Ұлттық банктің елдің 2020 жылға дейінгі ақша-несиелі саясатын жүзеге асыру шараларын жариялағандығы хабарланған еді.