Қанат BoxRec.com рейтингінде бірден 13 сатыға көтерілді

Қанат BoxRec.com рейтингінде бірден 13 сатыға көтерілді

Қанат BoxRec.com рейтингінде бірден 13 сатыға көтерілді
ашық дереккөзі
Отандық спортшы Қанат Ислам канадалық былғары қолғап шебері Брэндон Кукті жеңгеннен кейін беделді BoxRec.com сайтының рейтингінде жоғарылады.Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.
Осы уақытқа дейін Қанат Ислам аталған рейтингте бірінші орта салмақ бойынша 25-сатыда тұрған болатын. Соңғы жекпе-жегінен кейін ол 12-орынға көтерілді. Ал Кук керісінше 22-орнынан 43-орынға түсті. Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Қанат Ислам Кукты 9-раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.