Әсери қызметкер "төбелескен" баласына болысып бүлдіршінді жерге ұрған

Әсери қызметкер "төбелескен" баласына болысып бүлдіршінді жерге ұрған

Әсери қызметкер "төбелескен" баласына болысып бүлдіршінді жерге ұрған
ашық дереккөзі
Аягөздегі үй ауласында төбелсіп қалған балалардың бірінің әкесі бүлдіршінді жерге лақытып жібергенідігі анықталды, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Ересек адам жерге ұрған бүлдіршін ауруханада емделіп жатыр. Тосын оқиғаның мән-жайын Аягөз қалалық әскери прокуратурасы анықтаған.  "Ол төбелесіп қалған балалардың бірінің әкесі. Болған оқиғаны толық тексеретін боламыз. Осыған дейін "Оңтүстік" әскери бөлімінде мұндай жағдай болған емес. Балалар төбелесіп қалатын сәттер болып тұрады, дегенмен, ата-аналар бұл мәселеге байыппен қарайды", - деді Әскери прокурор. Рүстем Ходжаев. Сондай-ақ, ол "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық қозғалғанын жеткізді. Ал жәбірленуші, оқиға орын алған маңда әжесімен бірге тұратын бала көрінеді. "Біз баланың әжесіне видеоны көрсеттік, баланы дәрігерге апаруға кеңес бердік. Ол немересінің жайын білмеген", - деді прокурор. Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын ғаламторға Аягөздегі аулалардың бірінде төбелсіп қалған екі кішкентай баланың бірін, ересек адам жерден жұлып алып лақытырып жібергені  туралы видео таралған еді. Ер адамның оғаш қылығы әлеуметтік желі қолданушыларның наразылғын тудырған болатын.