Солтүстік Кореяның кезекті зымыраны сәтті сыналды

Солтүстік Кореяның кезекті зымыраны сәтті сыналды

Солтүстік Кореяның кезекті зымыраны сәтті сыналды
ашық дереккөзі
КХДР құрлықаралық баллистикалық зымыранды сәтті сынаған. Бұл туралы жексенбіде Корей орталық телевизиясы мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. «Корей еңбек партиясының (КЕП) стратегиялық ядролық қаруды әзірлеу туралы өкіміне сәйкес біздің атом саласының қызметкерлері еліміздің солтүстігінде құрлықаралық оқтұмсыққа арналған сутегі бомбасын сәтті сынады», - делінген хабарламада. КХДР-дың кезекті, алтыншы ядролық сынағынан кейін, Қытайдың сейсмологиялық орталығы тербелісі 6,3 және 4,6 болатын екі жер дүмпуін тіркеді. Қытай мамандары оны «қолдан жасалған жарылыс» деп бағалады. Корей орталық телевизиясының мәліметінше, солтүстіккореялық бомба құрастырушылардың жоспарына сәйкес дұрыс іске қосылған.