Байқоңырдан әскери спутнигі бар "Протон-М" зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан әскери спутнигі бар "Протон-М" зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан әскери спутнигі бар "Протон-М" зымыраны ұшырылды
ашық дереккөзі
Байқоңыр ғарыш айлағынан бейсенбі күні әскери мақсаттағы ғарыш құрылғысы бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ТАСС. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ресейдің қорғаныс министрлігінің ғарыш құрылғысы бар күрделі сыныптағы «Протон-М» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды», - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі. Зымыранды ұшыруды Ғарыш әскерінің қолбасшысы - әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары, генерал-полковник Александр Головко өз басшылығына алды. «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырудан алдыңғы және оны ұшыру операциялары штаттық режимде өтті», - деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрлігі. Бақылау Әуе-ғарыш күштері Ғарыш әскері Г. С. Титов атындағы басты сынақтан өткізу ғарыш орталығының жердегі құралдарымен жүргізілді.