Әнші Дәнеш Рақышевтың орындауындағы әндер

Әнші Дәнеш Рақышевтың орындауындағы әндер

Әнші Дәнеш Рақышевтың орындауындағы әндер
ашық дереккөзі

Дәнеш Рақышев, 1926 жылы туылған.  Әнші, композитор. Қазақ КСР халық артисі (1986). Ол әншілік өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1944-45 жж. Шығыс Түркістандағы қазақтың жас әншілері құрамында ел аралап, өнер көрсеткен. 1945 ж. Құлжа қаласындағы (ҚХР) ұйғыр-қазақ театрының актері болып орналасып, Әбдірахман (Б.Майлин “Шұға”), Жапал, Қалқаман (М.Әуезов “Еңлік — Кебек” пен “Қалқаман — Мамыр”), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. 1946-49 ж. осы театрдың қазақ бөлімін басқарған. 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” халық театрының режиссері қызметін атқарды. 1968 жылдан Талдықорған филармониясының әнші-солисі және осындағы “Тамаша әзіл-сықақ кеші” тобының жетекшісі болды. М.Ержанов, Ж.Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Оның орындауында: Үкілі Ыбырайдың “Аңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері бар. Ал, композиттер Дәнеш Рақышев: “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым”, т.б. әндерін шығарған.