17 Мамыр 2015, 17:30 2606 0 Саясат Еркежан ЖҰМАТАЙ

Биыл Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге үмітті

Биыл Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы мүмкін. Еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы отандық өндіріске қарқын қосары сөзсіз. Әйтсе де, мүше болғаннан кейін, кәсіпкерлер үшін 150-ден астам мемлекеттің бизнесмендермен бәсекелестікке түсу алғашқы бесжылдықта оңайға соқпайды. Ал, 1996 жылдан бері осы ұйымға мүше болуды көксеген Қазақстанның бұған дейін қосылмауының да артықшылықтары зор.

«Осы күнге дейін ерте кіріп кеткен Қырғызстанға қарағанда, Армениямен салыстырғанда біздің мемлекетіміз өзінің экономикасына көңіл бөліп, біраз уақыт мораторий жариялап, кәсіпкерлеріне салықтық жеңілдіктер жасап, экономикаға қан жүгіртіп алдық деуге болады. Шындап келгенде, 70 пайыз дайындық жоқ. Бірақта мен ойлаймын осындай қиын-қыстау заманда адамдар ойлана бастайды, жол іздей бастайды»,- деді экономист Мақсат Халық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің көбі екіге бөлінеді. Бірі шикізатты шығарып, тасымалдап беруші елдер қатарында болса, екіншісі сол шикізаттан өнім шығарады. Осы ретте Қазақстан бастапқыда алғашқы жолды таңдауға тиіс. Дәл сол кезең аралығында мұнай мен газды импорттайтын елімізде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» дәурен болады деген үміт бар.

Соңғы жаңалықтар