Астанада қазақ театры салынады

Астанада қазақ театры салынады

Астанада қазақ театры салынады
ашық дереккөзі
Астанада қазақ театрының құрылысы жоспарлануда. Бұл туралы Фейсбукте қала басшысының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жазды. «Елордамызда қазақ театры салынбақ. Бұл Астана қаласы әкімдігінің Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" мақаласын іске асырудағы жобаларының бірі ғана», - деп жазды ол. Ол ҚазАқпарат тілшісіне жаңа театрдың Астана әкімдігінің қатысуымен өткен жиналыста ұсынылғанын нақтылап айтты. «Әкім Президент мақаласын жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Әр басқарма өз жобасын таныстырды. Бұл - көп жобаның бірі ғана. Мұндай жобалар жастар, білім беру салаларында өте көп ұсынылды», - деп атап өтті ол. Елорданың мәдениет басқармасының сайтында жарияланған дерегі бойынша, Астанада қазіргі таңда алты театр бар.