Теңіз кенішіндегі апаттан қоршаған ортаға зиян келген

Теңіз кенішіндегі апаттан қоршаған ортаға зиян келген

Теңіз кенішіндегі апаттан қоршаған ортаға зиян келген
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылғы 30 мамырда Теңіз кенішінде болған газдың атылуынан экологияға келген зиян мөлшері аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат. «Теңіз кенішіндегі газдың атылуының себеп-салдары мен зиянын тексерген арнайы комиссия өз жұмысын аяқтады. Экологияға тигізген зиян мөлшері 76,9 млн теңге көлемінде айқындалды. Сондай-ақ, «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясы 169 млн теңге айыппұл төлейтін болады. Облыстық экология департаменті мамандардың қорытындысын «Тенгизшевройлға» жіберді. Заң бойынша компания бір айдың ішінде келтірілген зиян мен айыппұл сомасын төлеуі тиіс», - деп хабарлады Атырау облысы бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан.