14 Шілде 2017, 17:17 1359 0 Мультимедиа Ақниет ОСПАНБАЙ

"Нұрлы жол" саябағы ашылды

«Нұрлы жол» жаңа саябағы бұрын бос жатқан жерге салынды. Оның жобасы заманауи үрдістер ескеріле отырып, ландшафтты дизайнда жасалды. Бүгінде бұл жерде драма театры, мектеп пен оңалту орталығынан тұратын заманауи кешен бой көтерді.

«Келешекте мұнда көпқабатты 10 үйден тұратын үлкен тұрғын үй кешені салынады», - деді монумент архитекторы Сәрсен Сейітов.

Саябақтың көркін «Нұрлы жол» атты басты монумент келтіруде. Сәулетшінің айтуынша, монументтің екі стелласы Қазақстан туының түсімен жасалған және ол екі құрлық - Еуропа мен Азияның тоғысуын білдіреді. Стеллаларды ортақ шаңырақ біріктіріп тұр, оның үстінде қазақ халқының еркіндігінің символы - қыран құс қалықтауда. Қыран құс алтын түсте жасалған.

Президенттің назарына сондай-ақ архитектуралық көрме ұсынылатын болады. Онда Шілікті, Зайсан, Берел қорғандары мен Аблайкит будда ғибадатханасында жасалған қазба жұмыстары кезінде табылған 2 мың артефакт қойылған.

 

Соңғы жаңалықтар