Наурызбай ауданында жаңа емхана ашылды

Наурызбай ауданында жаңа емхана ашылды

Наурызбай ауданында жаңа емхана ашылды
ашық дереккөзі
 Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы №36 жаңа ехананың ресми ашылуына қатысты, сонымен қатар салынып жатқан 1200 орынды мектеп пен аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын әкімшілік кешеннің құрылыс барысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.   500 адам қатынайтын жаңа медициналық мекемені "Туған жер" бағдарламасы бойынша "Завод Электрокабель" ЖШС компаниясы салды.Жаңа емханада алғашқы медициналық - санитарлық көмекпен қатар коллректальді обыр мен асқазан ауруларының белгілерін анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланған, мұнда рентген диагностикасы, офтальмология, оториноларингология кабинеттері ашылған,торакальді және абдимональді колопроктология және басқалары жүргізіледі. Күзде қозғалысы қиын жандар үшін сауықтыру кабинеті жұмыс істейтін болады, емханада электронді тіркеу, Call-орталық пен Наурызбай ауданының тұрығндары үшін жедел медициналық бригада қызмет көрсетеді. Жақында Қалқаман ықшам елді мекенінде 200 адам қатынайтын тағы бір емдеу мекемесі ашылады,Таусамалы поселкесінде 500 адам қатынайтын емхана салынады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын аралаған кезде салынып жатқан 1200 орынды мектептің, АІІД, аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын кешен құрылыстарының барысымен де танысты. Қала басшысына бұл нысандардың барлығы осы айдың аяғына таман дайын болатындығы, қазіргі кезде бұларда ішкі әрлеу мен нысандар айналасын абаттандыру жұмыстарының жүріп жатқандығы айтылды. Биылғы жылы Наурызбай ауданында ұзындығы 107,5 шақырым болатын су және ұзындығы, 81,2 шақырым болатын су айырғыш жүйесі, Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ, Акжар, Құрамыс, Қарғалы, Жайлау Ақсай, Қарғалы елді мекендерін орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз ететін әрі су тазалайтын Ақсай және Қарғалы екі станция салынуда. Ұзындығы 24,4 шақырым болатын кәріз коллекторын салу жоспарланған. Ауданда жаңа үйлер салу, Абай даңғылын Әуезов көшесінен Қалқаман елді мекенінен қала шекарасына дейін үңгілеу, Жандосов көшесін Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін жаңарту, Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде 30 көшені жөндеу, 33 жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Қарғалы өзенінің арнасына ұзындығы 7,7 шақырым бетон конструкциясы төселген соң, оның айналасы абаттандырылады, жасыл желек, гүл клумбалары отырғызылады, кіші архитектуралық формалар қойылады, балалардың ойын алаңдары жасалады, жаяу жүргінші жолы салынып, жарық көздері орнатылады.