Қытайда компьютердің жаңа вирусы пайда болды

Қытайда компьютердің жаңа вирусы пайда болды

Қытайда компьютердің жаңа вирусы пайда болды
ашық дереккөзі
Қытайда мамырда әлемнің 150 елінің компьютерлерін зақымдаған WannaCry вирусына ұқсас жаңа компьютерлік вирус пайда болды. Бұл туралы Cheetah Mobile мобильдік қосымшасын әзірлейтін компания өкіліне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Оның айтуына қарағанда, Green Hat вирусы пайдаланушыға операциялық жүйені іске қосуға мүмкіндік бермейді. Компьютер экранында ҚХР-да белгілі QQ (900 млн астам пайдаланушы) мессенджері аккаунтының нөмірімен терезе пайда болады. Файлдарды шешу үшін пайдаланушы аккаунт нөмірі бойынша әзірлеушілермен байланысып, пароль алу үшін ақы төлеуі тиіс. Телеарна атап өткендей, Green Hat ерекшелігі оның әзірлеушілері аккаунт нөмірлерін құпия ұстамауында. 12 мамырда белгісіз хакерлер 74 елде Windows операциялық жүйесімен компьютерлерді шабуылдады. Қаскөйлер WannaCry вирусын пайдаланды. Деректерді шешу үшін қылмыскерлер Bitcoin криптовалютасына $600 төлеуді талап еткен. Хакерлер АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі пайдаланған тыңшылық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданған.