Алматы зообағындағы жылан жұмыртқалады

Алматы зообағындағы жылан жұмыртқалады

Алматы зообағындағы жылан жұмыртқалады
ашық дереккөзі

Бүгін түске таман Алматының хайуанаттар бағында солтүстікамерикалық корольдік жылан жұмыртқалай бастады. Бұл туралы зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады. Жыланның жұмыртқа салу процесі кем дегенде жарты тәулікке созылуы мүмкін екен. «Жұмыртқа салу сәтін фотоға түсіруге қол жеткізілді. Бұл үдеріс негізі 12 сағатқа созылуы ықтимал. Әдетте мұндай жыландар 3 жұмыртқадан 12 жұмыртқаға дейін салады. Экзотариумның жұмысшысы Исраил Исаев жыланның таңертең жұмыртқалай бастағанына таң қалған. Өйткені олар жұмыртқаны тек түнгі уақытта ғана салатын болған. Бұл биылдыққа алғашқы жұмыртқалар » – дейді Михаил Сорокоумов. Оның айтуынша, жыланды мазаламас үшін ол бөлек қорапқа салынған. Ал жұмыртқалар 60 тәулікке дейін инкубаторда сақталады екен.